Аязда полиция қызметкерлері далада адасып қалған құрылысшыны өлімнен алып қалды - СҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аязда полиция қызметкерлері далада адасып қалған құрылысшыны өлімнен алып қалды - СҚО

Аязда полиция қызметкерлері далада адасып қалған құрылысшыны өлімнен алып қалды - СҚО

Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері ТЖ департаментінің қызметкерлерімен және жергілікті тұрғындармен бірлесіп далада түнде адасып қалған 24 жастағы құрылысшы жігітті аман алып қалған.

  • 4 Ақпан 2015
  • 467
Фото - Caravan.kz


Жігіт оперативті қызметтің бірыңғай нөміріне өзі қоңырау шалып, далада Теңдік ауылы мен Тайынша қаласының арасында адасып қалғандығын хабарлаған, деді "Интерфакс-Қазақстанға" сәрсенбіде облыстық полицияның баспасөз хатшысы Юрий Клыков.
"Онымен байланыс ұстап тұру керек болса да, полиция оған батарея зарядын үнемдеу үшін ұялы телефонды өшіріп қоюға, тек кейде қай жерде екендігін білдіру үшін арасында қосып тұруға кеңес берген”, деді ол.
Әкімшілік полиция оған белгі беретін тапаншадан сигнал жіберген, патруль көлігінің жарығы мен дабылды көрген жігіт ұялы телефон арқылы қайда екендігін хабарлаған. Қардағы із арқылы ол табылды, деді Ю.Клыков.
Полиция қызметкерлері оны тапқан кезде, жігіт мұздап қалған, жартылай есін білмей жатқан, алдында жылынбақ боп құрай, қолғабын жағыпты.
Жігіт орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Ол Теңдік аулында құрылысшы болып істегендігін айтқан. Сол күні кешке аудан орталығына үйіне жылдам жетпек болып, жолға шыққан, алайда жол -жөнекей ала кететін көлік табылмаған. Сосын ол 25 шақырым жерді төте жүрмек болған.