"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-на еңбек заңын бұзғаны үшін айыппұл салды - прокуратура - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-на еңбек заңын бұзғаны үшін айыппұл салды - прокуратура

Қарағанды облысының еңбек жөніндегі инспекциясы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның көмір және болат департаменттерінде тексеру жүргізді.
«Компания басшылығының іс-әрекетінде еңбек заңдарының бұзылғаны анықталды. Компанияға 300 АЕК айыппұл салынды», - деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне бүгін облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.
«5-не дейін олар еңбекақы төлемі мәселесін заңға сәйкес келтіруі тиіс», - дейді прокуратура.
1 АЕК Қазақстанда 1982 теңгені құрайды.
Бұрын хабарланғандай, «АрселорМиттал Теміртау» меткомбинаты компанияның күрделі қаржы жағдайына байланысты қаңтар айында қызметкерлерге еңбекақыны қайта есептеді. Атап айтқанда, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Өркен» ЖШС, «Құрылысмет» ЖШС болат және көмір департаменттерінің жұмыскерлеріне 2015 жылдың қаңтары ішінде еңбекақы 75% кем болмайтын мөлшерде төленеді.
Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына егер шахтерлер мен металлургтер еңбекақыларын толық мөлшерде алмаса жеңілдіктер алып тасталатынын ескертті, ал облыстық прокуратура еңбек инспекциясына жұмысшылардың еңбекақы мөлшерін төмендету фактісі бойынша еңбек заңдарының сақталуын тексеру жүргізуді тапсырды.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ ArcelorMittal болат құю концернінің құрамына кіреді және Қазақстанның ірі тау-металлургиялық секторының ірі кәсіпорны болып табылады. АҚ құрамына меткомбинат пен Қарағанды облысының 8 көмір шахтасы, Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарындағы темір кенін өндіретін 4 кен орны кіреді.

  • 4 Ақпан 2015
  • 527
Фото - Caravan.kz

Қарағанды облысының еңбек жөніндегі инспекциясы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның көмір және болат департаменттерінде тексеру жүргізді.

«Компания басшылығының іс-әрекетінде еңбек заңдарының бұзылғаны анықталды. Компанияға 300 АЕК айыппұл салынды», — деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне бүгін облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.
«5-не дейін олар еңбекақы төлемі мәселесін заңға сәйкес келтіруі тиіс», — дейді прокуратура.