Қатерлік ісікке ота елімізде жасалатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қатерлік ісікке ота елімізде жасалатын болды

Қатерлік ісікке ота елімізде жасалатын болды

Енді обырға ота жасатам деп, шетелді шарлаудың қажеті жоқ. Қатерлі ісікті емдейтін күрделі оталардың өзі бұдан былай өз жерімізде де жасалады. Ол үшін онкологтар бірнеше заманауи жабдық алған.

  • 5 Ақпан 2015
  • 312
Фото - Caravan.kz

Дәл қазір елімізде онкологиялық ауру ретінде 140 мың адам тіркелген. Сырқаттың асқынуы салдарынан жылына 17 мың адам көз жұмады екен. Енді отандық дәрігерлер обырмен күресті күшейтпек. Ол үшін арнайы сәулелермен емдейтін құрылғы сатып алынды. Осы жаңа технологияның арқасында небәрі бірнеше күнде 30 адам дертінен айыққан. Сонымен қатар, тек Қытай мен Үндістанда жасалып келген лапароскопиялық ота да енді өз елімізде жасалады. Яғни, сүт безіне шыққан қатерлі түйінді дәрігерлердің төсті кеспей алып тастауға мүмкіндігі бар. Ал аурудың алдын алудың ең дұрыс жолы – уақытылы тексеруден өту дейді онкологтар.

Нұрлан Балтаев, Алматы қаласы онкология орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

-Қорықпау керек профилактикалық байқаудан. Арнайы жергілікті емханаларда мұның бәрі мемлекет тарапынан тегін.