Қорғаныс министрі қаза тапқан ұшқыштардың отбасына пәтер берді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қорғаныс министрі  қаза тапқан ұшқыштардың отбасына пәтер берді

Қорғаныс министрі қаза тапқан ұшқыштардың отбасына пәтер берді

Бүгін еліміздің Қорғаныс министрлігі ерлерді еске алды! Су-27 ұшағының апаты кезінде қаза тапқан ұшқыштардың жесіріне пәтер кілттері табысталды.

  • 5 Ақпан 2015
  • 196
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін Ерлан Науанов пен Денис Горбунов қаза тапқаннан кейін «Айбын» орденімен марапатталған болатын. СУ-27 жойғыш ұшағы былтыр Талдықорған маңында оқу-жаттығу кезінде құлаған. Тізгіндегі қос подполковник сол төмен құлдилаған ұшақты елді-мекеннен аулақ алып кету үшін қолдан келгеннің бәрін жасапты. Өздері де катапультті қоса алмай, марқұм болған еді. Бүгін сол жесір әйелдер мен жетім қалған балаларына Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Астанадан 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.Ал қос ұшқыштың өмірін жалмаған апатқа 4 ай өтсе де әскери прокуратура істі әлі тексеруде.