Тайваньда жолаушы толы ұшақ өзенге құлады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тайваньда  жолаушы толы ұшақ өзенге құлады

Тайваньда жолаушы толы ұшақ өзенге құлады

Тайвань астанасында жолаушы толы ұшақ қаланың қақ ортасына құлады. Бірақ жердегілер зардап шеккен жоқ. Әуе кемесі тұрғын үйлерден өтіп барып, шаһарды жарып ағатын Цзилун өзеніне түскен. Ұшақ бортында барлығы 5 экипаж мүшесі мен 53 адам болыпты. Соңғы мәлімет бойынша, апат салдарынан қаза тапқандардың саны 20-дан асқан.

  • 5 Ақпан 2015
  • 210
Фото - Caravan.kz

Ұшақтың құлаған сәті сол маңнан өтіп бара жатқан автокөліктің бейнетіркеуішіне түсіп қалыпты. Онда ұшақтың тұмсығын төмен бағыттаған күйі құлдилап келе жатқаны анық байқалады. Әуе кемесі Тайбэй әуежайынан көтеріліп бара жатқанда, құйрық жағы көпірді іліп әкеткен екен. Тұрғын үйлерден аман өтіп, одан әрі автокөлік жолына қанатын ілдірген ұшақ дәл өзеннің үстіне түсті. Апаттан 23 адам қаза тауып, 15 адам жараланған. Дегенмен, бұл сан әлде де өзгеруі мүмкін. Себебі, ұшақтың ішінде қалған адамдардың хәлі белгісіз.