Флорида штатында кешкі асқа бес қолтырауын аулаған ер адам қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Флорида штатында кешкі асқа бес қолтырауын аулаған ер адам қамауға алынды

Флорида штатында кешкі асқа бес қолтырауын аулаған ер адам қамауға алынды

 Америкадағы Флорида штатының шығысында орналасқан Дэбори қаласында полицейлер қолтырауынның етінен кешкі ас дайындамақ болған ер адамды ұстады.

  • 5 Ақпан 2015
  • 239
Фото - Caravan.kz

БАҚ-тың хабарлауынша, жергілікті тұрғын Ричард Никси көлемі бір жарым метрге дейін жететін бұл жануарлардың бесеуін де  өзі аулаған.

Оны Флоридада туристер арасында кеңінен танымал бірқатар ас түрлерінің негізгі ингредиенті болып табылатын аллигаторлардың құйрықтары қызықтырған.

Никси жеңсік асты теледидардан көптен күткен американдық футбол ойынын тамашалай отырып жеуге ұйғарған. Алайда ойынның басталуына үш сағат қалғанда оның үйіне полицейлер кіріп келді.

«Флоридада қолтырауынды аулауға байланысты арнайы лицензия алмаса, аңшылық жасауға ешкімнің де құқығы жоқ», — деп мәлімдеді штаттың табиғатты қорғау комиссиясының өкілі Грег Уоркман.