Қытайда тұратын қандасымыз салмағы 8 келіге жуық алтын тауып алды (ФОТО) - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда тұратын қандасымыз салмағы 8 келіге жуық алтын тауып алды (ФОТО)

Қытайда тұратын қандасымыз салмағы 8 келіге жуық алтын тауып алды (ФОТО)

 ҚХР Алтай аймағының Шіңгіл ауданында тұратын Берік  есімді қандасымыз  салмағы 7.85 келі кесек алтын тауып алды, деп хабарлайды  «Қытай ақпарат».

  • 5 Ақпан 2015
  • 510
Фото - Caravan.kz

Досымен бірге алтын іздеуге шыққан Берік ен далада ойламаған жерден ат басындай кесек алтынның үстінен түседі.

Қандасымыздың айтуынша, алтынды жер бетінде жылтырап жатқан жерінен тауып алған. Оның диаметірі 23 см, ені 18 см, ең қалың жері 8 сантиметр болған. «Табиғаттың  шебер қолы бедер салып, өрнектеген саф алтынның беті күн сәулесімен алауланып, көздің жауын алатындай жарқырайды», — дейді алтынды көрген көршілері. 

Әлемде бұндай кесек алтындар жиі ұшыраса бермейді, алтын кендерінің өзінде де тым сирек кездесетін көрінеді.

                                                                                                                                                Бақытжол Кәкеш 

null null