Бес қырғыз азаматы Башқұртстанда жол апатынан қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бес қырғыз азаматы Башқұртстанда жол апатынан қаза тапты

Бес қырғыз азаматы Башқұртстанда жол апатынан қаза тапты

Бес қырғызстандық азамат Башқұртстандағы жол-көлік апатынан ажал құшты. Бұл туралы бейсенбі күні Ресейдегі әріптестеріне сілтеме жасаған ҚР ТЖМ хабарлады.

  • 5 Ақпан 2015
  • 315
Фото - Caravan.kz

Ведомствоның мәліметтерінше, жол апаты бүгін шамамен сағат 1:00-де М-5 Орал күре жолында, Октябрьский қаласына жақын жерде орын алған. Газель шағын автобусының жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, Volvo маркалы жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік апатының салдарынан жеті адам зардап шеккен, олардың бесеуі қаза тауып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы ауыр, деп хабарлайды КирТАГ.