Астананың ірі кәсіпорындары өндірістік үрдістерді тұрақтандыруға 100 млрд тенгеден астам қаржы бөледі - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананың ірі кәсіпорындары өндірістік үрдістерді тұрақтандыруға 100 млрд тенгеден астам қаржы бөледі

Астананың ірі кәсіпорындары өндірістік үрдістерді тұрақтандыруға 100 млрд тенгеден астам қаржы бөледі

Астанада қала әкімдігі, кәсіпорындар мен кәсіподақтар арасында жұмыс орындарын сақтауға бағытталған 105 млрд соманың меморандумдарына қол қойылды.

  • 5 Ақпан 2015
  • 497
Фото - Caravan.kz


Меморандумдар өндірістік үрдістерді тұрақтандыруға және өзара іс-әрекет етуді көздейді. Құжаттарға қаланың жеті ірі кәсіпорны қол қойды. Олардың қатарында «Концерн Цесна Астық», «Астана Су Арнасы» коммуналдық кәсіпорны, «Астана Зеленстро» АҚ, «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ және т.б бар.
Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков салтанат барысында биылғы жылы қалада алты жаңа өндіріс іске қосылып, шамамен 2 мың жұмыс орнын құру жоспарланып отырғанын атап көрсетті.
Ол «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Астана бойынша 8 мың жұмыс орнын сақтау және қосымша 4 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз ету мүмкін болғанын атап өтті.