Атап айтқанда, өткен жылы республикада сот жүйесін одан әрі дамыту, құқықтық негіздерін нығайту, азаматтардың сотқа қолжетімділігін арттыру барысында оң нәтижелерге қол жеткізілді.
Бір ғана мысал: 2014 жылы Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстанның сот жүйесі «Сот тәуелсіздігі» индикаторы бойынша 86-орынға тұрақтады. Яғни, ұлттық сот жүйесі 2011 жылмен салыстырғанда өз көрсеткішін 25 позицияға жақсартты.