Отандық автокомпаниялар бағаларын түсіріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Отандық автокомпаниялар бағаларын түсіріп жатыр

Отандық автокомпаниялар бағаларын түсіріп жатыр

Арзан көлік алу үшін енді Ресейге ағылудың қажеті жоқ. Еліміздегі «Астана моторс» компаниясы Hyundai автокөлігінің барлық түрін тиімді бағамен ұсынып отыр. Яғни, Кореяда құрастырылған көліктерді 30 пайыз жеңілдікпен алуға болады. Акция мерзімі шектеусіз болғанымен, жеңілдікпен сатылымға шығарылған көліктер санаулы. Сондықтан көрші елге барып, уақыт жоғалтқанша Hyundai орталықтарына асығыңыз.

  • 6 Ақпан 2015
  • 294
Фото - Caravan.kz

Hyundai орталықтарында таңнан бастап сатып алушылардың қарасы көп. Себебі, Корей көлігінің ресми диллері «Астана Моторc» компаниясы автокөліктерді тиімді бағамен ұсынып отыр. Яғни Hyundai-дың барлық түрі 30 пайызға дейін жеңілдікпен сатылуда. Мәселен, Сонатаны сатып алсаңыз 1 миллион 400 мың теңгеңіз қалтаңызда қалады.

Асқар Наетов, Hyundai автоорталығының директоры:

-Мұндай жеңілдік Ресейдегі автокөлік бағасымен теңестіру үшін өткіздік. Осыны естіген азаматтар көлік сатып алуға келіп жатыр. Тек, жеңілдікпен сатылатын автокөліктердің саны шектеулі. Сондықтан өзге сатып алушылар болса тездеткендері жөн болады.

Көлік алу үшін ұзақ уақыт қаражат жинаған Уәде Абдулаева, алғашқыда Ресейге бармақ болыпты. Бірақ Hyundai орталықтарында жеңілдік жүріп жатқанын естіп осында келген. Енді бұл жерден өз көлігімен қайтпақ. Hyundai Акцентті сатып алған ол, 600 мың теңгеден астам ақшасын үнемдеп қалды.

Уәде Абдулаева, Алматы қаласының тұрғыны:

-Көлік аларда жаңасын алғымыз келді. Онда ірі компания «Астана-моторс»-тан алып отырмыз. Әрі 30 пайыз жеңілдікпен сатылды. Оған қоса Ресейден алып келгенімше жолда не боларын кім біледі құдай сақтасын.

Осындай жеңілдік акциясының мерзімі жоқ. Тек сатылымдағы көліктердің саны шектеулі. Сондықтан сіз де Hyundai «Астана моторс» орталықтарындағы су жаңа «темір тұлпарды» арзан бағамен алып үлгеріңіз. Әрі қалаған көлігіңіз несиеге рәсімделіп, 5 жылға кепілдікпен беріледі.