Алматыда көліктерін қалаған жеріне қойып кеткен жүргізушілер жазаланып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда көліктерін қалаған жеріне қойып кеткен жүргізушілер жазаланып жатыр

Алматыда көліктерін қалаған жеріне қойып кеткен жүргізушілер жазаланып жатыр

Ескертуден жазалауға көшті. Алматының тәртіп сақшылары қала көшелерінде көліктерін қалаған жеріне тастап жүргендермен күресті күшейтіп жатыр. Тек бір күннің өзінде осындай 30 шақты көлік айып тұрағына әкетілді.

  • 6 Ақпан 2015
  • 165
Фото - Caravan.kz

Тәртіп сақшылары бірден заңсыз тұраққа айналған базарлар маңын тазалауға кірісті. Тұраққа тыйым салынған белгілердің ілініп тұрғанына қарамастан жүргізушілер қалағанынша көлігін тастап, өз шаруаларымен алыстап кеткен. Барлығына әкімшілік хаттама толтырылды. Белгі ілінген жол жиегінде, көше қиылысына, жаяу жүргінші жолағына көлігін тастағандар енді 9910 теңге айыппұл төлеуі тиіс. Егер ережені қайта бұзса төлейтін ақысы да еселенеді. Ал ұзаққа бөгелген жүргізушілер енді өз көліктерін айып тұрағынан табады. Айта кететін жайт 7 күн ішінде айыппұлды төлегендерге 50 пайыздық жеңілдік көрсетілген. Бірақ жүргізушілерді тезге салу қиын сыңайлы. Тәртіп сақшыларының көзін ала бере тазаланған көше бойына көліктер қайта қаптап шыға келді.

Жандос Мұратәлиев, Алматы қалалық ІІД ӘПБ бастығының орынбасары:

Біздің жүргізушілер орын табамын десе табады. Көбісі тұрғысы келмейді, алады да екінші қатарға қойып кетеді, басқа жүргізушіге кедергі жасайды. Егер жол ережесі бұзылмаса біздің қаламызда кептеліс болмайтын еді.