Алматы полициясы 5 мыңға жуық қылмыстың ізін суытпай ашты - Алматы ІІД - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы полициясы 5 мыңға жуық қылмыстың ізін суытпай ашты - Алматы ІІД

Алматы полициясы 5 мыңға жуық қылмыстың ізін суытпай ашты - Алматы ІІД

Бұл 2013 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 48,7 % артық. Жол және патрульдік полицияның бірігуімен көше қылмыстарының саны 2,6% азайды.

«Қылмысты ашудың көп үлесі сол жерді аралап жүретін «Буран» экипажының, патрульдік полицияның еншісінде. ?

  • 6 Ақпан 2015
  • 297
Фото - Caravan.kz

«Қылмысты ашудың көп үлесі сол жерді аралап жүретін «Буран» экипажының, патрульдік полицияның еншісінде. Олар қылмыс болған жерге 3-5 минутта шұғыл жетіп, алғашқы іздестіру шараларын ұйымдастырады, қылмыскерлерді ізін суытпай ұстаудың барлық амалдарын қолданады», — деді ІІД әкімшілік полиция басқармасының жол-патрульдік полкінің командирі Айтжан Әлмұханбетов. 

Полиция қызметкерлері атап өткендей, өткен жылы адам көп шоғырланған жерлерде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің қосымша шаралары қабылданған.

 «Үнемі қылмыс болатын жерлерді бақылауға алу күшейтілді. Көліктегі және жаяу патрульдер саны көбейді. ЖПП ұйымдасқан жұмысының арқасында қылмыстардың санын азайту мүмкін болып отыр. Қазір полиция қызметкерлеріне деген сенімі де артып келеді», — деді А.Әлмұханбетов.

3