Қостанайда өз-өзін өлтірмек болған полицей ауруханада көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда өз-өзін өлтірмек болған полицей ауруханада көз жұмды

Қостанайда өз-өзін өлтірмек болған полицей ауруханада көз жұмды

 Қостанайда өзін өзі атып өлтірмек болған полицей ауруханада көз жұмды.

  • 6 Ақпан 2015
  • 397
Фото - Caravan.kz


Облыстық аурухана әкімшілігінің хабарлауынша, полиция қызметкері «бір жарым сағат бұрын» қайтыс болған.
Ол бейсенбіден бері жансақтау бөлімінде аса ауыр халде жатқан болатын.
Бұған дейін хабарланғандай, бейсенбі күні таңертең қалалық ІІБ қызметкері «Лада» көлігінде өз-өзіне оқ атпақ болған. Оның мұндай қадамға баруына көңіл қосқан қызымен болған кикілжің әсер еткен деген болжам бар.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.