Ынтымақ ауылының тұрғынын өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды - ОҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ынтымақ ауылының тұрғынын өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды - ОҚО

Оңтүстік Қазақстан облысында Ынтымақ ауылының тұрғынын өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Облыстық полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, бірнеше жерден пышқ тиген 30 жастағы жігіттің мәйіті сәрсенбіге қараған түні Бостандық ауылы маңынан табылған болатын.
Полицейлер қылмыстық тұрмыстық сипатта жасалғанын анықтаған. Оған зардап шегушіге тиесілі жылыжайды жалға беру төңірегінде туындаған өзара келіспеушіліктер түрткі болыпты.
Қазір күдікті – Бостандық ауданында тұратын 38 жастағы азамат іздестіріліп жатыр.
Полицейлердің мәліметінше, 5-ақпан күні кешқұрым Ынтымақ ауылының бір топ жастары Бостандық ауылының астаң-кестеңін шығарған. Олар «бірнеше көлікті өртеп, аударып тастаған» көрінеді. Сонымен қатар, жақын маңдағы үйлер де зардап шегіпті.
«Оқиға орнына қосымша күш жөнелтілді. Қазір жағдай тұрақтанды. Қылмыс пен содан туындаған оқиғаларға қатысты тергеу ерекше бақылауға алынды», - делінген хабарламада.

  • 6 Ақпан 2015
  • 586
Фото - Caravan.kz

Оңтүстік Қазақстан облысында Ынтымақ ауылының тұрғынын өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Облыстық полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, бірнеше жерден пышқ тиген 30 жастағы жігіттің мәйіті сәрсенбіге қараған түні Бостандық ауылы маңынан табылған болатын.
Полицейлер қылмыстық тұрмыстық сипатта жасалғанын анықтаған. Оған зардап шегушіге тиесілі жылыжайды жалға беру төңірегінде туындаған өзара келіспеушіліктер түрткі болыпты.
Қазір күдікті – Бостандық ауданында тұратын 38 жастағы азамат іздестіріліп жатыр.
Полицейлердің мәліметінше, 5-ақпан күні кешқұрым Ынтымақ ауылының бір топ жастары Бостандық ауылының астаң-кестеңін шығарған. Олар «бірнеше көлікті өртеп, аударып тастаған» көрінеді. Сонымен қатар, жақын маңдағы үйлер де зардап шегіпті.
«Оқиға орнына қосымша күш жөнелтілді. Қазір жағдай тұрақтанды. Қылмыс пен содан туындаған оқиғаларға қатысты тергеу ерекше бақылауға алынды», — делінген хабарламада.