Гоген картинасы 300 миллион долларға сатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Гоген картинасы 300 миллион долларға сатылды

Гоген картинасы 300 миллион долларға сатылды

Поль Гогеннің екі таитилік қыз бейнеленген «Нафеа Фаа Ипоипо (Қашан күйеуге шығасың?)» картинасы 300 миллион долларға сатылды,деп хабарлады The New York Times.

  • 6 Ақпан 2015
  • 195
Фото - Caravan.kz

Швейцариялық коллекционер Рудольф Штехелин сату фактісін растады. Газеттің ақпарат көзі мәлімдегендей, картинаны  әмірлік мұражайларына өнер туындыларын сатып алумен айналысатын Qatar Museums ұйымы алған. Олардың сөзіне қарағанда, бұл әлемдегі ең қымбат көркемсурет туындысы атанып отыр.

Поль Гоген — XIX ғасырдағы француз суретшісі. Таитиде 8 жылдан астам тұрған Гоген постимпрессионизмнің ірі өкілдерінің бірі.