деп мәлімдеді РФ ауыл шаруашылық министрі Николай Федоров Мәскеуде журналистерге жұмада.
"Мен және менің әріптестерім Қазақстанмен арада күн тәртібіне эмбарго қою не ауыл шаруашылық өнімдерін шектеу туралы мәселені шығару керек деп санамаймыз”, деді министр.
Жұмада "Коммерсантъ" газеті рубльдің құнсыздануы салдарынан тым арзандап кеткен құс еті, жұмыртқа, шырын, кондитер өнімдерінің РФ-дан Қазақстанға тасымалдануына шектеу қою туралы екі ел арасында келіссөздер жүргізілуде, деп хабарлаған болатын.
"Салиқалы тұлғалардың күн тәртібіне ондай мәселе енгізуі мүмкін емес деп санаймын, өйткені біз Кеден одағын құрдық, оны күшейтіп отырмыз, бірыңғай ережелер құрып келеміз, оның ішінде шектеу қоюға болмайтындығы туралы да ережелер бар”, деді министр.