Абайдың 170 жылдығын мерекелеуге қатысты жаңа деректер белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абайдың 170 жылдығын мерекелеуге қатысты жаңа деректер белгілі болды

Абайдың 170 жылдығын мерекелеуге қатысты жаңа деректер белгілі болды

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың 170 жылдығын тойлау аясында ақынның туған ауылы Жидебайда, сондай-ақ ШҚО-дағы барлық мәдени және білім беру мекемелерінде шаралар өтеді.

  • 7 Ақпан 2015
  • 484
Фото - Caravan.kz

Бекітілген кесте шеңберінде ағылшын композиторы К. Джекинстің «Абай — Шәкәрім» туындысы орындалатын концерт, Бүкіләлемдік поэзия күнінде «Абай поэзиясы әлем тілдерінде»  фестивалін, театрлық фестивальдер, Қара сөз оқу бойынша шағын қойылымдар қою, Абай шығармалары бойынша түрлі концерттер ұйымдастыру жоспарланған.

Сондай-ақ, «Абай рухани орталығының» және сирек кездесетін кітап Мұражайының таныстырылымы, түрлі көрмелер, ақындар айтысы, абайтанушылардың дәрісі, жастар байқауы өтеді.  

Жазда «Абаймен бірге өткізген күндер» туристік бағыты жұмыс істейді. Онда Абайдың өмірімен және шығармашылығымен байланысты мекендерді көруге болады.  


Ақпарат орталығынан хабарлағандай, «Біздің Абай»/ «Наш Абай» электрондық кітапханасын Өскемен мен Семей қалаларында таныстыру көзделген. Абай атындағы кітапхана сайтына «Абай оқыған кітаптар» виртуалды көрмесін орналастыру көзделген. Мерейтойлық шаралар «Жидебай — Бөрілі» мұражай кешенінде де өтеді.