Көкшетаудан Атырау мен Ақтауға қатынайтын қосымша әуе рейстері ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетаудан Атырау мен Ақтауға қатынайтын қосымша әуе рейстері ашылды

Көкшетаудан Атырау мен Ақтауға қатынайтын қосымша әуе рейстері ашылды

 Ақпан айынан бастап, Ақтау-Көкшетау-Ақтау бағыттары бойынша қосымша әуе рейсі ашылды. Бұл туралы облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

  • 7 Ақпан 2015
  • 322
Фото - Caravan.kz

Жолаушылар тасымалын «SCAT» әуекомпаниясы» АҚ-ғы 50 жолаушыға арналған CRJ 200 әуе кемесі арқылы  жүзеге асырады.

Аталған ұшақ Ақтау әуежайынан күндізгі 12:30-да ұшып шықса, Көкшетауға 15:00-де келіп қонады. Ал Көкшетау әуежайынан 15:40-та кейін қайтып,  Ақтау қаласына 17:10-да ұшып жетеді (әр  әуежай үшін жергілікті уақыт белгіленген).

Сондай-ақ, Атырау әуежайынан күндізгі 12:00-де ұшып шықса, Көкшетауға 14:10-да келіп қонады. Ал Көкшетау әуежайынан 15:00-де кейін қайтып,  Атырау қаласына сағат 17:10-де ұшып жетеді.

Атырау-Көкшетау-Атырау — аптасына екі рет сейсенбі мен сенбі сайын ұшатын жаңа әуе бағыты. Екі бағыттарда бір жақты әуебилеттердің бағасы  25 000 теңге құрайды. Жолаушыларға әрі қарай Ақтау мен Атырау аэропорттары арқылы Көкшетауға/дан Солтүстік Кавказ өңіріне, Ресейдің Оңтүстігіне, Түркия мен басқа жерлерге ұшуына мүмкіндік беру уақытымен тағайындалды.

Қазіргі кезде, Көкшетау қаласының халықаралық аэропортынан 4, соның ішінде 1 рейсі халықаралық Мәскеу (Внуково) -Көкшетау- Мәскеу (Внуково) әуе рейсі жасалады. Алматы — Көкшетау — Алматы бағыттары бойынша 3  әуерейстер  (аптасына 2 рет) Ақтау — Көкшетау — Ақтау және Атырау — Көкшетау — Атырау (аптасына 2 рет).


Еске сала кетсек, 2013 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген Көкшетау әуежайы ААХҰ-ның (азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы (International Civil Aviation Organization) 1-дәрежедегі халықаралық талаптарына сай  әуе кемелерінің барлық түрін қабылдай алады.