Мал шаруашылығын дамытуға бөлінген 3 млн. теңге несиені ер адам тойына жұмсап жіберген - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мал шаруашылығын дамытуға бөлінген 3 млн. теңге несиені ер адам тойына жұмсап жіберген

Мал шаруашылығын дамытуға бөлінген 3 млн. теңге несиені ер адам тойына жұмсап жіберген

ОҚО-да «Моноқалаларды дамыту» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде заң бұзушылық анықталды.

  • 7 Ақпан 2015
  • 356
Фото - Caravan.kz

Кентауда шағын несие беру кезінде  орын алған бұзушылықтарды  прокурор анықтаған, деп хабарлады облыстық прокуратура баспасөз қызметінен.

Бағдарлама аясында 2014 жылы Кентауда және оған әкімшілік бағынысты елді мекендерде тұрақты тұратын тұлғаларға шағын несие беру көзделген. «Тексеру уақытында көптеген заң бұзушылықтар анықталған, шағын несиелер Кентауда тұрмайтын адамдарға да берілген», — деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Мысалы, қалалық жұмыспен қамту орталығы Түркістан қаласының «Ескі Икан» ауылының тұрғынына несие берген. Ер адам 3 млн. теңгені мал шаруашылығын дамыту үшін алған. Сонымен бірге прокурорлар ер адам қаражатты жеке мақсатына жұмсап жібергенін анықтаған. Ол бұл ақшаға үйлену тойын жасаған. Прокуратурада хабарлағандай, шағын несиелеу бағдарламасына бастпақыда Кентауда тұрмаған 12 адамға ақша берілген.

Барлық материалдарды прокуратура  тергеу алды тексеру үшін Түркістан өңірі бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасына берді.