Алматыдағы трамплин әлемге танылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы трамплин әлемге танылды

Алматыдағы трамплин әлемге танылды

Осы спорт кешенінде жастар арасында әлем Чемпионаты өтіп жатыр. Аламан додада 500 спортшы бағын сынауда.

  • 7 Ақпан 2015
  • 290
Фото - Caravan.kz

Әлем Чемпионаты бұрын-соңды бұл трамплинде өтпеген. Бұл ең бірінші жоғары дәрежелі дода. 36 мемлекеттен келген барлығы 500 шаңғышы жылдам жүйіткеуден және жоғары биіктіктен секіруден, сондай-ақ өзара жеке шығып жарысуда. Құбылмалы ауа-райына қарасмастан, трамплин шаңғышыларға жайлы болды. Талай таулы елдерді аралаған азулы атлеттер де Алматыдағы трамплинді ең үздіктердің қатарына қосып отыр. Жастар арасындағы әлем Чемпионаты әлі екі күнге жалғасады. Әзірге, норвегтер мен ресейліктер биіктен секіруден ешкімге дес берер емес. Ал біздің жерлестер 50-ші орында тұрақтап тұр.

Велленгер Андреас, шаңғышы:

-Алатау сөз жоқ қатты ұнады. Ал трамплин кешені жоғары деңгейде соғылғаны көрініп тұр. Секіруге өте ыңғайлы. Алдағы уақытта да жарыстарға қуана келеміз деп ойлаймын.