Алматы жұрты соғысты көрген қазақ қаламгерлерін еске алды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы жұрты соғысты көрген қазақ қаламгерлерін еске алды

Алматы жұрты соғысты көрген қазақ қаламгерлерін еске алды

Бүгін Жазушылар Одағында Жеңістің 70 жылдығына арналған ауқымды концерт өтті. Атаулы күннің алдымен қаламгерлер арасында өтуінде мән бар.

  • 7 Ақпан 2015
  • 266
Фото - Caravan.kz

Кешке соғысты көзбен көргендер келген. Араларында әлемге әйгілі майдангер-жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов те бар. Концерт көрермендері алдымен Қасым Аманжолов, Мәлік Ғабдуллин, Баубек Бұлқышев, Бауыржан Момышұлы сынды жауынгер-жазушылардың рухына тағзым етіп, 1 минут үнсіздікпен еске алды. Ал мерекелік шара дәстүрлі ән өнерімен басталды. Артынша студент-жастар соғыс жылдарын бейнелеген сахналық қойылым өткізді.

Ғалым Жайлыбай, Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары:

-Соғыстың жылнамасын жасаған ең бірінші біздің қаламгер қауым. 120-ға тарта біздің қалам ұстаған ақын-жазушылар сол соғысқа қатысқан, біразы сонда опат болған. Мамыр айында тойланатын тойдың ең алғашқы беташарын осы Қазақстан Жазушылар одағының бастағаны дұрыс шығар деп ойладық.