Қарағанды облысының әкімі грек биін биледі - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысының әкімі грек биін биледі

Қарағанды облысының әкімі грек биін биледі

Жылға жалғасатын ұлан-асыр тойдың тұсауы кесілді. Бүгін еліміздің барлық аймағында Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналған мерекелер ресми түрде ашылды. Салтанатты шараны    Астана бастап берді. Бейбітшілік пен келісім сарайының алдында атақты  спортшылар мерекенің негізгі нышаны -  эстафета туын тікті.

  • 7 Ақпан 2015
  • 214
Фото - Caravan.kz

Әрі қарай мерекенің көркін қыздырған жастар арқаның аязына қарамастан  ән салды, би биледі. Ал, Бейбітшілік сарайының іші үлкен көрмеге айналған. Мұнда түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің қолөнері самсап тұр. Сондай-ақ, «20 игі іс» деп аталатын шарасының белгісі «Тайқазан» Түркістаннан Астанаға арнайы жеткізілген. Қиын-қыстау кезде еліміздің басын біріктірген қазанды Астана әкімі Ақмола облысының әкіміне табыстады. Дәл осы дәстүрмен «Тайқазан» енді бүкіл аймақты аралап шығады және оны қабылдаған өңір 20 қайырымдылық, игі іс жасауы тиіс. Бұл тойды әсіресе әкімдер асыға күткендей. Атқамінерлер жұмыс кабинеттерінен шығып таңнан бері сауық-сайран құрып жүр. Мәселен, шабармандарын ерткен Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков салтанатты шарада грек биін биледі.