Атырау облысында жол-көлік оқиғасында қаза болғандар Украина азаматтары - ІІД - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында жол-көлік оқиғасында қаза болғандар Украина азаматтары - ІІД

Атырау облысында жол-көлік оқиғасында қаза болғандар Украина азаматтары - ІІД

 Атырау облысындағы сенбі күні болған жол-көлік оқиғасында қаза болғандар Украина азаматтары болып шықты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне өңірлік ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.

  • 9 Ақпан 2015
  • 365
Фото - Caravan.kz

«Жол-көлік оқиғасы кешке Атырау-Құлсары күрежолының бойында болды. Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласынан шамамен 30 шақырым жерде. Жол-көлік оқиғасы болған жерде минивэндегі екі ересек адам және бір бала мерт болды. Қаза болғандардың бәрі де — Украина азаматтары. Апатқа ұшыраған минивэнде украиндық нөмір белгілері болған. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізілуде», — деп хабарлады өңірлік ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.

Еске сала кетейік, сенбі күні Атырау облысында «Тойота» минивэні «Мерседес» үлкен  жүк машинасымен соқтығысқан.