Қазақмыс ұшақ апатында қайтыс болған қызметкерлерінің отбасыларына өтемақы төлеуді бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақмыс ұшақ апатында қайтыс болған қызметкерлерінің отбасыларына өтемақы төлеуді бастады

Қазақмыс ұшақ апатында қайтыс болған қызметкерлерінің отбасыларына өтемақы төлеуді бастады

«Қазақмыс» корпорациясы Жамбыл облысында болған ұшақ апатында қаза тапқан және жарақат алған қызметкерлердің отбасыларына өтемақы төлеу туралы шешім қабылдады.

  • 9 Ақпан 2015
  • 263
Фото - Caravan.kz


«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС үкіметтік комиссияның Ан-2 ұшағының апатына қатысты қорытындысы мен зерттеу нәтижелерін күтпестен өтемақы төлеу туралы шешім қабылдады», — деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Хабарламаға сүйенсек, ұжымдық келісімшарт бойынша «Қазақмыс» қызметкерлерінің «өндірістегі бақытсыз жағдай кезінде асыраушысынан айырылған» отбасыларына он жылдық орташа айлық жалақы көлемінде бір реттік жәрлемақы төленеді.
Сонымен қатар, қаза болған қызметкерлердің кішкентай балалары ай сайын жәрдемақы алып отырады. Өтемақы балалар кәмелет жасына толғанша төленеді.
Әуе апатынан аман қалған Әсем Шаяхметоваға төленетін өтемақы мөлшері емдеу және оңалту курсы аяқталғаннан кейін анықталмақ. «Компания емдеу мен оңалту курсына кететін шығындарды өз мойнына алады», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, емдеу курсы кезінде Ә.Шаяхметоваға «750 мың теңге көлемінде ай сайынғы жәрдемақы төленеді.
Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Қазақмыс» Ә.Шаяхметованың ата-анасының Астанада тұруына кететін шығынды да төлеп отыр. «Емдеу курсы аяқталғанша Әсемнің жақын-туыстарына Астанадан пәтер жалдап беру туралы шешім қабылданды», — делінген хабарламада.
Қарағандылық «Олимп Эйр» ЖШС тиесілі Ан-2 ұшағы 20-қаңтар күні Жамбыл облысындағы Шатыркөл кеніші аумағында апатқа ұшыраған болатын. Салдарынан экипаждың үш мүшесі мен корпорацияның үш қызметкері қайтыс болды.