Грекияда құрылысшылар алтын толы қабір тауып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грекияда құрылысшылар алтын толы қабір тауып алды

Грекияда құрылысшылар алтын толы қабір тауып алды

 Грекияның Сереса қаласында құрылысшылар ашық аспан астындағы театрдың құрылыс жұмыстары кезінде ескі қабірге тап болды. Бір қызығы бұл жай мола емес, іші алтыннан жасалған бұйымдар мен тиындар сияқты қазынаға толы қабір болып шықты. 

  • 9 Ақпан 2015
  • 303
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Росбалт жазады.

Қазіргі сәтте ол жерде құрылыс жұмыстары тоқтап, археологтар қызу жұмысқа кірісіп кетті. Қазына табылған осы Неа Зихни аймағы өзінің бай археологиялық мұраларымен танымал екен. Бұған дейін де бұл жақтан көптеген құнды қазбалар табылған көрінеді. Ғалымдардың айтуынша, бұл жолы табылған қазына жер астында көмулі жатқан құнды заттардың тек бір бөлігі ғана-мыс.