ҚМГ шетелдегі бірқатар кәсіпорындарын жекешелендіруге шығарады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚМГ шетелдегі бірқатар кәсіпорындарын жекешелендіруге шығарады

ҚМГ шетелдегі бірқатар кәсіпорындарын жекешелендіруге шығарады

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының бірқатар шетелдік кәсіпорындары жекешелендіріледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «ҚазМұнайГаз» компания басшысы Сауат Мыңбаев мәлім етті.

  • 9 Ақпан 2015
  • 423
Фото - Caravan.kz


Оның сөзіне қарағанда, бүгінде ҚМГ-ның шетелдік активтері көп емес. Осы орайда С. Мыңбаев «KMG International» құрамындағы, яғни Румынияда мұнай өндеу зауыты мен жанар-жағармай құю желесін басқарып отырған «Rompetrol» компаниясы сақталатынын жеткізді.

«Сонымен бірге «KMG International» құрамында бірқатар профильдік емес активтер бар. Олардың қатарында Румынияда өндіру бойынша шағын актив, сонымен қатар химиялық өнімді өндіру және қызмет көрсету бойынша активтер бар. Бұл компаниялар жекешелендіру бағдарламасы аясында жекешелендіруге қойылды. Бұдан бөлек, Украинада шағын бөлімше бар. Ол сол жерде саудаға шығарылады. Бұдан өзге үлкен активтер шетелде жоқ»,-деді С. Мыңбаев.