Астанада опырылып түскен сылақ тұрғындарды шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада опырылып түскен сылақ тұрғындарды шошытты

Астанада опырылып түскен сылақ тұрғындарды шошытты

Бүгін Астанада жаңадан салынып жатқан үйдің сылағы опырылып түсті. Құдай сақтап тұрғындар аман. Дегенмен барлығы енді үйлеріне кіруге жүрексініп отыр.

  • 10 Ақпан 2015
  • 205
Фото - Caravan.kz

Галина Гринько, Астана қаласының тұрғыны:

-Өз өмірім мен адамдардың тағдырына алаңдаймын. Құрылыс компаниясының жауапсыздығынан неге халық зардап шегуі керек?

Бір қызығы, сылағы опырылып түскен 16 қабатты үй әлі салынып бітпеген. Бірақ, жүздеген отбасы құрылысы аяқталмаған баспанаға кіріп алыпты. Коммуналдық ақысын да төлеп отыр. Ал жүздеген шаңырақты биліктен ешбір рұқсат алмастан салынып бітпеген үйге кіргізген құрылыс компаниясы жауапкершілікке тартылмақ. Бұл оқиғадан шошып қалған жұрт үй арасымен өтуге қорқады. Қазір қайғылы жағдайға соқтыра жаздаған апатқа байланысты тексеру жүріп жатыр.

Еркебұлан Сережа, Астана қалалық сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің басшысы:

-Егер кінәсі дәлелденсе,ол фирма  лицензиясынан айырылады. Жөндеуді компания өз есебінен жүргізеді. Бізге келіп түскен ақпарат бойынша, 2-3 күн ішінде жөндеуге міндеттеме алған.