Гагариннің қызы Құрметті легион орденінің офицері атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Гагариннің қызы Құрметті легион орденінің офицері атанды

Гагариннің қызы Құрметті легион орденінің офицері атанды

Мәскеу Кремлі музейлерінің бас директоры Елена Гагарина мен Үлкен театрдың бас директоры Владимир Урин Құрметті легион орденінің офицері атанды, деп хабарлады ТАСС.

  • 10 Ақпан 2015
  • 364
Фото - Caravan.kz

Оларға награданы Францияның РФ-дағы елшісі Жан-Морис Рипер тапсырды.

«Франция мен Ресей арасындағы қатынастар қазір қиын кезеңдерді бастан өткеруде. Дегенмен Францияның ресейлік мәдениет мекемелерін, атап айтқанда, Мәскеу музейлерін тануы бағалы», — деді марапаттау үстінде Елена Гагарина.

Үлкен театрдың бас директоры награданы ала отырып, барлық театрлық жобалар француз әріптестерімен бірге жүзеге асырылғанын атап өтті.

Ерекшелік белгілерін тапсыру Францияның РФ-дағы елшісінің мәскеулік резиденциясында өтті. Наградалармен олардың екі елдің мәдени байланыстарын дамытуға қосқан үлесі аталып өтті.

 Елена Гагарина — өнертанушы, адамзаттың алғашқы ғарышкерінің қызы. «Мәскеу Кремлі» Мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бас директоры.  Бұл қызметке 2001 жылғы 12 сәуірде адамның ғарышқа ұшырылғанына 40 жыл толған күні тағайындалды.


Владимир Урин Мемлекеттік академиялық үлкен театрдың басшысы болып 2013 жылы тағайындалды.

Құрметті легион орденін Наполеон Бонапарт 1802 жылғы 19 мамырда тағайындаған. Орден Франция алдындағы ерекше сіңірген еңбегін танудың жоғарғы ерекшелік белгісі болып табылады.