В.Путин Н.Назарбаевты 6 ақпан Минскіде Германия мен Франция басшыларының келіссөздері мен 8 ақпанда өткен «нормандық форматтағы» телефон арқылы әңгімелесудің қорытындысы туралы хабардар етті. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Н.Назарбаев 11 ақпанда Минскіде өтетін төртжақты келіссөздер Украинадағы қақтығысты реттеу жолдарын іздеуде ымыраға келуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.