Жапония мен Моңғолия еркін сауда жөніндегі келісімге қол қояды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапония мен Моңғолия еркін сауда жөніндегі келісімге қол қояды

Жапония мен Моңғолия еркін сауда жөніндегі келісімге қол қояды

Жапония мен Моңғолияның үкімет басшылары 10 ақпанда Токиода еркін сауда жөніндегі келісімге қол қояды, деп хабарлады Kyodo News.

  • 10 Ақпан 2015
  • 353
Фото - Caravan.kz

Мұнда Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ мен Моңғолияның үкімет басшысы Ч.Сайханбилэг келіссөз жүргізіп, екіжақты экономикалық байланыстың ары қарай дамуын талқыламақ. Нәтижесінде еркін сауданың ортақ аймағын құру туралы келісімге қол қойылады деп күтілуде.  

Жапония билігі моңғолиялық тарапқа Ұлан Баторда жаңа халықаралық әуежайдың құрылысына 310 млн. доллар көлемінде  несие беруді жоспарлап отыр.

Кездесу барысында жапондық тарап Моңғолияға экономикалық сарапшыларды жібермек. Бүгінде моңғолиялық экономика бірқатар қиындықтарға тап болып отыр. 

Өткен жылдың шілде айында Жапония мен Моңғолия сауда-экономикалық ынтымақтастық аясында бірқатар келіссөзге қол жеткізді.   Токио еркін сауда бойынша Ұлан Батордың алғашқы  серіктесі болмақ. 


Келісім талаптарына сәйкес, Моңғолия алдағы 10 жылда Жапониядан әкелінетін көптеген автомобиль мен оның бөлшектеріне деген тарифтен бас тартады.  Ал Токио Моңғолиядан импортталатын барлық дерлік тауарға кедендік режімді жеңілдетеді.