Шымкентте шипажайға жолдама талап еткен ер адам мұнара басынан секірмек болды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте шипажайға жолдама талап еткен ер адам мұнара басынан секірмек болды

Шымкентте шипажайға жолдама талап еткен ер адам мұнара басынан секірмек болды

Шымкентте шипажайға "жолдама алмаса секіріп кетем" деп суайдағыш мұнара басына шығып алған ер адам құтқарушылар мен психолгтың көмегімен жерге түсірілді.

  • 10 Ақпан 2015
  • 450
Фото - Caravan.kz


Бүгін  облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының ресми өкілі Павел Вишенин таяуда құтқару қызметіне біреу қоңырау шалып, суайдағыш мұнара басына ер адам шығып алып, арнайы шипажайға жолдама бермесе секіремін деп жатқанын хабарлаған. Жамбыл облысының 35 жастағы тұрғыны арнайы шипажайға өзіне жолдама беруді талап еткен.
Құтқару жасағы, прокуратура, полиция, аурухананың бас дәрігері, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің апаттық медицина орталығының психологының қатысуымен әңгіме жүргізіліп, ол төмен түсірілді.
Дерекөз мәлімдегендей, бұл ер адам бұған дейін туберкулезге қарсы ауруханада емделген, содан кейін Балқашқа арнайы шипажайға жіберілген. Ол жақта режімді бұзғаны үшін алдын ала шығарып жіберілген.