Оңтүстік Қазақстанда жүк тиеуші екі жігіт қоймадан 30 мыңдай шоколад ұрлаған - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстанда жүк тиеуші екі жігіт қоймадан 30 мыңдай шоколад ұрлаған

Оңтүстік Қазақстанда жүк тиеуші екі жігіт қоймадан 30 мыңдай шоколад ұрлаған

 Жетісай қаласының полициясы қалалық базарда шоколад сақталған қойманы тонаған жүк тиеушілерге қатысты қылмыстық іс қозғады.

  • 10 Ақпан 2015
  • 498
Фото - Caravan.kz


Полицияға арыз берген 32 жастағы жігіттің айтуына қарағанда, оның қоймасынан қораптарда болған "Альбенидің" 29 мың данасы ұрланған, жалпы келтірілген залал 1,5 млн теңгеден асады, делінген сейсенбіде облыстық полицияның баспасөз қызметінен таралған ақпаратта.
Тергеу анықтағандай, жергілікті екі жүк тиеуші жігіт кілттің дубликатын жасап алып, екі ай бойы шоколад салынған қораптарды ұрлап, оларды әр жерге апарып сатқан.
Олардан шоколад салынған үш қорап және кілттердің дубликаттары табылған.
Бұл факті бойынша “Ұрлық” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.