Астанадағы «Шевроле» көлігінің жарылу оқиғасының мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу тобы құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы «Шевроле» көлігінің жарылу оқиғасының мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу тобы құрылды

Астанадағы «Шевроле» көлігінің жарылу оқиғасының мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу тобы құрылды

Бүгін Астанада Достық көшесі бойында «Шевроле» маркілі көлік жарылды. Онда 1975 жылы туған ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінің бірінің әскери қызметкері подполковник Сыздықов Арман Қайдарұлы болған.

  • 10 Ақпан 2015
  • 453
Фото - Caravan.kz

Алынған жарақаттардан ол оқиға орнында көз жұмды. Көшеде өткендер жапа шекпеді.

Оқиғаның мән-жайын білу үшін жедел-тергеу тобы құрылды.Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқиға орнынан өлім алдында жазған хаты табылды. Лаңкестік әрекетке ұқсамайды. Тергеу барысы жөніндегі толығырақ ақпарат кейін таратылады.