Семейде білдей бастықтың ұрлығы камераға түсіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде білдей бастықтың ұрлығы камераға түсіп қалды

Семейде білдей бастықтың ұрлығы камераға түсіп қалды

Семейде білдей бір мекеме бастығының ұрлығы өзінің көлігіндегі бейнетіркеуішке түсіп қалды. Ол өз қожалығында қора салмақ болып, темір жолдағы шпалдарды қолды қылған.

  • 11 Ақпан 2015
  • 150
Фото - Caravan.kz

Осы қылмысы машинасына орнатылған қондырғыға жазылып қалыпты. Онда 50 жастағы апталдай азамат ұлын ертіп алып, шойынжол бойындағы шпалдарды жымқырып жатыр. Енді осы жазба қылмыстық істе басты айғақ ретінде қолданылуда. Ұрланған мүлікті өзінің шаруа қожалығына апарып түсіріп, қарға көміп жасырған. Басқа құрылыс материалдары құрып қалғандай, шпалдарды сұғанақ қора салуға қолданбақшы болыпты.