Астанада сылағы опырылып түскен түскен үй жөнделе бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада сылағы опырылып түскен түскен үй  жөнделе бастады

Астанада сылағы опырылып түскен түскен үй жөнделе бастады

Астанадағы сылағы опырылып қалған үйді құрылысшылар жөндеуге кірісті. Көпқабатты баспананы салған компанияның жұмысшылары жанталасып қабырғаны қайта қалпына келтіруде.

  • 11 Ақпан 2015
  • 331
Фото - Caravan.kz

Елорданың қақ ортасында 16 қабатты үйдің бір жақ сылағы қарадай тұрып құлап қалған еді. Абырой болғанда адамдар дін аман, тек бірнеше көлікке зақым келген. Бұл баспана әлі мемлекеттік комиссиядан өтпеген екен. Яғни пәтерлер толық пайдалануға берілмеген. Бірақ, 1 жылдан бері мұнда жұрт тұрып келеді. Әкімдіктегілер құрылыс компаниясының бұл әрекетін де жіті тексереміз деп отыр. Заң бұзушылық анықталса, тіпті лицензиясынан айырмақ. Ал, жөндеу жұмыстарының қашан аяқталатыны белгісіз.

Айнагүл Сағымбаева, Астана қаласының тұрғыны:

-Бізге келіп, ештеңе айтқан жоқ. «Уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады» дегенді естіген жоқпын. Құлады, келді, істеді. Өтіп бара  жатып сұрадым: ертең тағы құлап қалса не істейсіздер деп?Осылай қабаттаймыз деді.