Концерт 27 ақпанда Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өтеді. Онда танымал топтың «Я хочу быть с тобой», «Разлука» сияқты атақты хиттары мен басқа да, сондай-ақ жаңа әндері орындалады. Бұл топ 1985 жылы құрылған болатын, өткен ғасырдың 80-ші және 90-шы жылдары КСРО-да және кейінірек бүкіл посткеңестік кеңістікте атағы дүркіреп жайылды.
53 жастағы В.Бутусов — кеңестік және ресейлік рок-музыкант, «Наутилус Помпилиус» және «Ю-Питер» рок-топтарының негізін қааушы және көшбасшысы, жазушы. Музыка және мәтіндер авторы, әнші және гитаршы.