Мемлекет «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына ҚҚС-на қатысты қарызын қайтарады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына ҚҚС-на қатысты қарызын қайтарады

Мемлекет «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына ҚҚС-на қатысты қарызын қайтарады

«АрселорМиттал Теміртау» мемлекеттен ҚҚС-на қатысты қарыздың бір бөлігін қайтарып алады.

  • 11 Ақпан 2015
  • 338
Фото - Caravan.kz


«Компания мәліметіне қарағанда, мемлекеттің меткомпания алдындағы ҚҚС байланысты қарызы 12 млрд теңге. Оның 4 млрд 100 млн теңгесі құжатпен расталған. Қалған соманы растау үшін тексеру қажет. Қандай сома белгіленсе сонша ақша төленеді», — деп Қарағанды облысының мемлекеттік табыс департаменті басшысы Азамат Ахметов хабарлады.
Оның айтуынша, компания салық декларациясын тапсырғаннан кейін 15 күн ішінде оның есеп-шотына 4,1 млрд теңге түседі.
Бұған дейінгі баспасөз мәслихатында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Виджай Махадеван мемлекеттің компанияға 12 млрд теңге берешегі бар деп мәлімдеген болатын.