Президент компаниялардың басшыларын дағдарыс кезінде жалақыны қысқартпауға және жұмыс орындарын сақтап қалуға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент компаниялардың басшыларын дағдарыс кезінде жалақыны қысқартпауға және жұмыс орындарын сақтап қалуға шақырды

Президент компаниялардың басшыларын дағдарыс кезінде жалақыны қысқартпауға және жұмыс орындарын сақтап қалуға шақырды

Президент Нұрсұлтан Назарбаев ірі жұмыс берушілерді дағдарыс кезінде жұмыс орындарын сақтап қалуға және жалақыны қысқартпауға шақырды.

  • 11 Ақпан 2015
  • 368
Фото - Caravan.kz


«Ірі кәсіпорындарға қатысты айтылатын басты мәселе (…), кез келген адам үшін жұмыс орнының сақталып қалғаны маңызды. Мұны мен бұрынғы жұмысшы ретінде айтып отырмын. Оны ақша табу үшін уақытша бір жерге жіберуге болады», — деді ол үкіметтің сәрсенбідегі кеңейтілген отырысында.
«Ол өз еркімен кетсе басқа әңгіме. Бірақ мен барлық компаниялардың басшыларына айтарым: өндіріс көлемін қысқартуға мәжбүр болып жатсаңыздар (…) жұмыс орындарын сақтап қалыңыздар. Адам мен оның отбасы үшін бұл өте маңызды», — деді президент.