12 жылдық білім беру моделіне көшуді жалғастыру қажет - Н.Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
12 жылдық білім беру моделіне көшуді жалғастыру қажет - Н.Назарбаев

12 жылдық білім беру моделіне көшуді жалғастыру қажет - Н.Назарбаев

 12 жылдық білім беру моделіне көшуді жалғастыру қажет. Бұл туралы бүгін Ақордада өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген құрамдағы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

  • 11 Ақпан 2015
  • 524
Фото - Caravan.kz

«Білім беру саласында «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыруды, орта білім беру жүйесінде жан басына қаржыландыруға көшуді, 12 жылдық мектепте білім беру моделіне кезең-кезеңімен көшуді жалғастыру қажет», — деді Елбасы.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы мемлекеттік балабақшаларды жекешелендірмеу қажеттігін баса айтты.

«Тіпті, АҚШ президенті мектепке дейінгі білім беру мемлекеттің басты басымдығы екендігін айтты. Бізде осы жолдан таймауымыз қажет. ал біз болсақ, оны жекенің қолына бермекпіз», — деді ҚР Президенті.


Қазақстан көшбасшысы өз сөзінде жеке балабақшалар салу ісіне жан-жақты мүмкіндік беру керектігін атап өтті.