Атбасардың су тасқынынан зардап шеккен барлық тұрғындары жаңа үйлерге көшті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атбасардың су тасқынынан зардап шеккен барлық тұрғындары жаңа үйлерге көшті

Атбасардың су тасқынынан зардап шеккен барлық тұрғындары жаңа үйлерге көшті

Ақмола облысының Атбасар қаласында былтыр су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арнап салынған 45 пәтерлі төрт үй пайдалануға берілді.

  • 12 Ақпан 2015
  • 287
Фото - Caravan.kz


«Енді барлық зардап шеккендер баспаналы болды. Атбасар ауданы бойынша төтенше жағдайды жою жөніндегі жұмыс жоспарына енгізілген барлық шаралар толық мөлшерде орындалды», — делінген облыстық ішкі саясат басқармасының бүгінгі хабарламасында.
Бұрын хабарланғандай, Атбасар ауданында көктемгі су тасқыны салдарынан 500-ден астам үйді су басып қалған болатын.
Төтенше жағдай салдарын жою үшін республикалық және облыстық бюджеттен 2 млрд 169 млн теңге бөлінген.