Оның 19-ы шетелдіктер. Арасында Қытай, Таиланд, Вьетнам және Ресей азаматтары бар. Қазіргі таңда жеті адам хал үстінде жатыр. Апат әуежайға апаратын жолда болған. Куәгерлердің айтуынша, алдымен жеңіл көлік пен автобус соқтығысыпты. Айналаны қалың тұман басқандықтан өзге жүргізушілер дер кезінде тоқтай алмай, бірінің артынан бірін соққан. Болжам бойынша, автобус жүргізушісі жылдамдықты шамадан тыс асырыпты. Дегенмен, оқиғаның анық-қанығын мамандар анықтайды.