Құныққан полицей соңғы айыппұлды жылдамдықты арттырғаны үшін салыпты. Бұдан оңай құтылғысы келген жүргізушіден 10 мың теңге талап еткен. Тіпті ақшаны қайда қалдыратынын да ескертіпті. Асығамын деп жол полициясына ұсталған жүргізуші бірден дәретханаға кіріп, қағаз қоятын жерге аталған соманы қыстырып кеткен. Олжасын қолға алған сақшы дәл сол жерде ұсталды. Тергеу кезінде ол мұнда қысылғанда кіргенін, ақшаға қатысы жоқ екенін айтып ақталды. Бірақ судья оның бұл сөзіне сенбей, жол сақшысына 3 жыл жаза кесті.