Жамбыл облысында әкім қылмыскерді лауазымды қызметке тағайындаған - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында әкім қылмыскерді лауазымды қызметке тағайындаған

Жамбыл облысында әкім қылмыскерді лауазымды қызметке тағайындаған

Жамбыл облысында аудан әкімі қылмыскерді лауазымды қызметке тағайындап жіберген.Шенеунік оның соты болғанын біле тұра не себепті жұмысқа алғанын тәртіптік кеңес мүшелерінің алдында түсіндіріп бере алмай әбден састы.

  • 12 Ақпан 2015
  • 188
Фото - Caravan.kz

-Аудандағы әлеуметтік бағдарламамар бөлімімен осы орталықтың директорлығына ұсынылды. Ол ұсыныста оның сотталғаны , басқасы айтылған жоқ. Сол ауданға жаңадан  барған  соң, ол кісінің бұрын сотталғанын  білген жоқпын.

Мойынқұм ауданының әкімі Болат Мәдікенов аудандағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығының басшысы етіп, сыбайлас жемқорлық сипатындағы екі мәрте қылмыс жасаған адамды отырғызған. Бұл бассыздық прокурорлық тексерістен кейін әшкере болды. Ал, бүгін жұмысқа қабылдау кезінде өз істеріне салғырт қарағандары үшін атқамінермен бірге аудан әкімінің аппарат жетекшісі, сондай- ақ кадр бөлімі басшысының мәселесі тәртіптік кеңесте майшаммен қаралды. Шенділердің біреуі де өздеріне шаң жуытар емес. Тағайындалған азаматтың сотты болғанын білмедік деп құтылды. Алайда, бұл уәждерімен көпті иландыра алмады. Тәртіптік кеңестің шешімімен Мойынқұм ауданының басшысы Мәдікенов ар-намыс кодексін бұзғаны үшін тек тәртіптік жазаға тартылуға ұсынылса, сыбайластыққа жол бергендері үшін аппарат жетекішісі мен кадр бөлімі басшысын қызметінен босату мәселесі көтерілді. Қызығы қол астындағылардың тағдырын енді аудан әкімінің өзі шешетін болады.

-2011 жылы ол кісі, әлеуметтік қамту бөлімінде жүріп сотталады. Сөйтіп оны жұмыстан босатады. Әділдік орнағандай болады.Сөйтіп 2014 жылы сол адамды қайтадан, былайша айтқанда қасқырды қой қораға кіргізіп жібергендей қылады. Заңда анық жазылған сыбайлас жемқорлық тұрғысында, қылмыс жасаған адамдар, ондай лауазымға бара алмайды деген.