Алматыда құбырдан атқылаған қайнаған су тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда құбырдан атқылаған  қайнаған су тоқтатылды

Алматыда құбырдан атқылаған қайнаған су тоқтатылды

Алматыда жылу құбырында болған апат зардаптары жойылды. Бұл оқыс оқиға кеше болған. Салдарынан сол маңдағы көпқабатты 4 үй мен екі мектеп жылудан қағылған-ды.

  • 12 Ақпан 2015
  • 224
Фото - Caravan.kz

Ал бүгін коммуналшылар ғимараттарға жылуды қосты. Десе де, тозығы жетіп жарылған құбырдың тек тесігі ғана жамалып, қайта көмілген. Жалпы, Алматыдағы жылу құбырларының 70 пайыздан астамы 30-40 жылдан астам уақыт бойы жөндеу көрмеген. Сондықтан осы тектес оқыс оқиғаның қайталану қауіпі жоқ емес. Сондай-ақ,  апаттан Алматының 45 жастағы тұрғыны зардап шеккен болатын. Жеңіл көлікпен келе жатқан ол қайнаған суға толы шұңқырға түсіп кеткен. Сол кезде ыстық су көлігіне кіріп, аяғын күйдіріпті. Қазір ол үйінде ем алып жатыр. Ал зақымданған көлігінің шығынын сақтандыру компаниясы төлейтін болды.