Қазақ олигархтарының Швейцария банкіне тыққан ақшалары анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ олигархтарының Швейцария банкіне тыққан ақшалары  анықталды

Қазақ олигархтарының Швейцария банкіне тыққан ақшалары анықталды

Қазақ олигархтарының Швейцария банкіндегі жасырын шоттары әшкере болды. HSBC банкінен 82 отандасымыздың жасырын есеп-шоттары анықталған. «Irish Times» газеті әзірге тек екі қазақтың атын атапты. Олар – Марғұлан Сейсембаев және Тимур Қуанышев.

  • 12 Ақпан 2015
  • 380
Фото - Caravan.kz

Тізімде аты аталған Марғұлан Сейсембаев 90-шы жылдардан бизнеспен айналысып, «Сеймар» корпорациясының негізін қалаған. 2009 жылы «Альянс Банкте» директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған тұста ақша жымқырды деп айып тағылғаны есте. Бір жыл шетелде жасырынып жүрген Сейсембаев елге оралған соң тек шартты түрде екі жылға сотталған болатын. Қазір Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының басшысы. «Irish Times-та» аты аталған екінші қазақстандық – мұнай магнаты Тимур Қуанышев. Кезінде осы миллионер өзінің үйлену тойына Уильям ханзаданы шақырған. «Forbes» журналының есебі бойынша, ерлі-зайыпты Тимур мен Әлфия Қуанышевтар Қазақстанның ең бай 50 азаматының тізіміне кіреді.