Мұнай компанияларына қызмет көрсететін мекеме кеше Маңғыстаудағы бөлімінде жұмыс істейтін 500 адамның қырыққа жуығын қысқартатынын мәлімдеген. Бұған қара алтын өндірушілерден түсетін тапсырыстың азайып кетуі себеп делінген болатын. Бүгін жергілікті билік, мұнай компаниялары және сервистік компания өкілдері аталған мәселені бірлесіп шешуге уағдаласты. Негізгі тұтынушылар тапсырыс көлемін сақтаса, бұлар қызметтері үшін бағаны төмендетуге даяр екен.
Александр Дажин, сервистік компания директорының орынбасары:
-Біз қазір бұрын пайдасы аз деп бет бұрмай жүрген жобаларды қолға алмақшымыз. Бұл тым болмағанда жұмыс орнын сақтап қалуға ықпал етеді. Өзіміз оқытқан қызметкерлерді босата салу бізге де тиімсіз. Енді осылайша 2-3 ай амалдай тұрамыз.