Астанада өзін жарып жіберген әскериге қатысты тың дерек шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада өзін жарып жіберген әскериге қатысты тың дерек шықты

Астанада өзін жарып жіберген әскериге қатысты тың дерек шықты

Астанада өзін жарып жіберген подполковниктің өліміне қатысты алғашқы айғақтар анықталды. Арман Сыздықов басшыларының қысымына шыдай алмай өзіне қол жұмсаған. Марқұмның ақырғы хатында аты аталған екі әскеридің қызметтегі адамдар екенін Қорғаныс министрінің өзі растады.

  • 12 Ақпан 2015
  • 305
Фото - Caravan.kz

Қазір оқиғаға қатысты тергеу жалғасуда. Полицейлер марқұммен бірге жұмыс істеген әріптестерінен түгел жауап алып жатыр. Астанада Қорғаныс министрлігінің лауазымды қызметкері тура жұмыс орнының алдында өзін жарып жіберген болатын. Арман Сыздықов сол жерде жан тәсілім етті. Офицер ақырғы хатында екі басшысынан қатты қысым көргенін, әбден намысына тигенін жазған. Өзін-өзі жарып жіберген 40 жастағы подполковник Қорғаныс министрлігінің Ақпараттандыру және телекоммуникация басқармасында істеген екен. Марқұмның артында әйелі жалғыз ұлы қалды.