Иранның мұнай экспортынан алған табысы бес есеге қысқарды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иранның мұнай экспортынан алған табысы бес есеге қысқарды

Иранның мұнай экспортынан алған табысы бес есеге қысқарды

 Иран елінің Энергетика министрі Хамид Читчиян мемлекеттік бюджеттің мұнай экспортынан кірістері шамамен бес есеге төмендегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tasnim агенттігінен.

  • 12 Ақпан 2015
  • 221
Фото - Caravan.kz

2014 жылдың 21 наурызынан 2015 жылдың 20 қаңтарына дейінгі кезеңде  Иранда мұнайды өндіру көлемі күніне 2,5 млн. баррельден 1 млн. баррельге дейін қысқарғаны, ал мұнай бағасы бір баррель үшін 100 доллардан 40 долларға дейін құлдырағаны атап өтілген.

«Иран экономикасы өзіне тән өте күрделі жағдайда қалып отыр», — деп атап өтті Читчиян, сонымен бірге ол Иранның табандылыққа үйреніп, барлық қиындықтарды еңсере алатынын, сеніммен алға қадам басатынын атап көрсетті.

Министр сондай-ақ Жоғарғы экспорттау кеңесінің баяндамасына сілтеме жасап, елдегі мұнайдан басқа сала экспортының соңғы 10 айда өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 25 пайызға көтеріліп, 46 миллиард долларға жеткенін атап көрсетті.


Читчиянның пікірінше, бұл көрсеткіштер Иранның жоғары экономикалық әлеуеті мен оның мұнай кірістеріне тәуелділіктен арылып келе жатқанын байқатады.