Қазақстан экономикасын долларсыздандыру туралы жоспар келесі аптада бекітіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан экономикасын долларсыздандыру туралы жоспар келесі аптада бекітіледі

Қазақстан экономикасын долларсыздандыру туралы жоспар келесі аптада бекітіледі

 Қазақстан Үкіметі мен ҚР Ұлттық банкі (ҰБ) ел экономикасын долларсыздандыру туралы жоспарды келесі аптада бекітуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов айтты.

  • 12 Ақпан 2015
  • 334
Фото - Caravan.kz

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алдымызға қойған маңызды тапсырма — экономикамызды долларсыздандыру шаралары. Біз қазір осы төңіректегі жұмысты аяқтап қалдық және келесі аптаның басында-ақ Үкіметпен бірлесе отырып, экономиканы долларсыздандыру бойынша ортақ жоспарды бекітеміз», — деп атап өтті ол.

ҰБ төрағасының айтуынша, бұл шаралар ортамерзімдік сипатта болады және теңгеге қатысты нормалық-құқықтық базаларда біраз өзгерістер орын алады.